Басқы бет / Компания жайлы
Тарихы
Компания жайлы видео
Басшылық
Жетістіктер
Бос орындар

Компания жайлы

«Алматыкітап баспасы» баспа қызметімен 1999 жылдан бері айналысып келеді және республика мен шетелдерде кеңінен танылған ірі баспа және кітап таратушы кәсіпорындардың бірі. Ол Қазақстан Республикасының баспа бизнесі көшбасшыларының үштігіне кіреді.

«Алматыкітап баспасының» бүкіл қызметі мемлекет басшысының саяси бағытымен айқындалған басым міндеттер аясында жүргізіледі және кітап өнімдерін шығарып, таратуды басты бағыт етіп ұстанады, бұл Қазақстанның көп ұлттық мәдениетін өркендетуге, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ел азаматтарының өзіндің ұлттық болмысының қалыптасуына, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте ықпалдастықты тереңдетуге, Достастық және алыс шет мемлекеттермен тығыз іскерлік және мәдени байланыстарды арттыруға, сондай-ақ қоғам өмірінде кітаптің рөлін арттыруға, кітап оқуды насихаттауға, қазақстандық бүкіл ұрпақтың мәдени және білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
«Алматыкітап баспасы» компаниясының баспа қызметінің маңызды бағыты мектепке дейінгі тәрбие және мектепте білім беруге арналған балалар кітаптары мен оқу әдебиетін шығару болып отыр:

5 және 6 жас аралығындағы балаларды мектепалды даярлауға арналған оқулықтар мен оқу құралдары;

Жалпы білім беретін мектептердің 1-4-сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар;

Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдары.

«Алматыкітап баспасы» Қазақстанда алғаш болып бастауыш мектепке арналған балама кітаптар әзірлеп, шығарды. «Алматыкітап баспасының» жаңа оқу-әдістемелік кешендері оқу әдебиетін басып шығаруға қойлатын барлық талаптарға сай, Қазақстанның ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, табиғи-климаттық аймақтарға тән ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады.
Оқушы денсаулығын басты назарда ұстанған баспа елімізде алғашқылардың бірі болып бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар дайындау кезінде озық әдісті, дәлірек айтсақ, FLEX (интегралды) заманауи мұқаба пайдаланды, ол санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес беріктігін сақтап қалумен қатар, кітап салмағын біршама жеңіл етеді.
Отандастарымыздың туған өлке тарихына асқан қызығушылық танытуы, шетел азаматтарының біздің елдің өткені мен бүгінін білуге деген талпынысы Қазақстанда ғана емес шетелде де жоғары сұранысқа ие болып отырған үш тілдегі, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармашылық, танымдық және дамыту әдебиеттерін шығаруға ықпал етті.

Олардың қатарында «Менің Қазақстаным» кітаптар топтамасын атауға болады. Онда қазақ халқының батырлар жыры, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен қолданбалы өнері, жануарлар мен өсімдіктер әлемі жайлы мәліметке қанық боласың. Сонымен қатар, шығармашылық, дамыту әдебиеті, сөздіктер, энциклопедиялар мен балалар әдебиеті бар. Алғаш рет отандық тәжірибеде британдық баспагерлермен бірлесіп мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кітаптар шығарылды. «Алматыкітап баспасының» Ұлыбританиядағы «Usborne Publishing Ltd», «A Dorling Kindersley Book» сынды әріптестерімен көп жылдық әріптестік тәжірибесі бар.

ҚР Мәдениет министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, қоғамдық және шығармашылық ұйымдардың табыс еткен көптеген дипломдары мен халықаралық ұйымдардың дипломдары мен медальдары «Алматыкітап баспасы» өнімдерінің терең мазмұны мен сапасының танылғанының куәсі.

«Алматыкітап баспасы» өңірлік және халықаралық кітап жәрмеңкелері мен көрмелерінің белсенді қатысушы болып табылады. Бұл жәрмеңкелердің айқын нәтижелерінің бірі ретінде «Алматыкітап баспасы» мен көптеген елдердің баспа, полиграфиялық, кітап тарату компаниялары арасындағы мәдени және іскерлік байланыстардың кеңейуін, яғни тәжірибе алмасудың жандануын, заманауи технологиялардың кітап өндірісіне, полиграфия мен кітап саудасына ұтымды енгізілуін, бірқатар таяу және алыс шетелдерде ұлттық кітап өнімінің таныла түсуін айтуға болады.

 

 

«Алматыкітап баспасы» кітап дүкендері жүйесінде жаңажылдық жеңілдіктер!!!
© 2004–2019 Алматыкiтап баспасы
4Design жасап шығарған
Басты офис:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Жамбыл көш., 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58