Басқы бет / Компания жайлы / Басшылық
Тарихы
Компания жайлы видео
Басшылық
Жетістіктер
Бос орындар

Басшылық

 



Баталова Элеонора Нығметқызы

 
«Алматыкітап баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы - Баталова Элеонора Нығметқызы жоғары білімді, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өз өмірінің 30 жылдан астамын еліміздің кітап шығару және кітап тарату ісіне арнады.
Он жыл бойы Қазақстанның баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығын басқарды, қазіргі кезде оның құрметті президенті, «Ұлы Жібек жолымен» Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің ұйымдастырушысы, Акционерлік қауымдастық президенті Элеонора Нығметқызы Баталоваға табыс етілген құрметті төсбелгі оның баспа және  Кітап ісінің стратегиялық менеджментіне жеке үлес қосқаны үшін Франция Өнеркәсіпті қолдау қауымдастығының (SPI) құрмет белгісімен, Франция Өнеркәсіпті қолдау қауымдастығының (SPI) Наполеон алтын медалімен марапатталды, бұл «Баспа және кітап ісі саласындағы маршал» атағының берілгенін растайды, сонымен қатар «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, экономикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Германияның Штутгарт қаласында «Ұлттар достығы» орденімен, «Баспа ісін дамытуға және кәсіби, полиграфиялық жоғары сапалы кітаптар шығаруға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Журналистика академиясының құрмет дипломымен марапатталды. «Аруана» қоғамдық әйелдер клубының төрайымы. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ірі баспаларының бірі – «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы.
 
Э.Н.Баталованың басқаруымен «Алматыкiтап баспасы» 1999 жылдан бері баспа қызметімен айналыса бастады және еліміздің баспа бизнесі көшбасшыларының үштігіне кірді.
Баспаның ерекшелігі айшықты кітаптар мен альбомдар қазақстандық материалға негізделген, еліміздің оқырмандарына бейімделген, олар қайталанбас ұлттық нақышта берілген. Баталова Элеонора Нығметқызы «Менің Қазақстаным» кітаптар топтамасын құрастыру жобасына жетекшілік етті, қазіргі кезде ол қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі туралы, өлкеміздің сұлу табиғаты туралы, батырлар жыры, тарихи құндылықтар туралы туындылардан тұратын 60-тан астам басылым түрін қамтиды, сондай-ақ компанияның баспа қызметі бағыттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие және мектепте білім беруге арналған балалар кітаптары мен оқу әдебиетін шығару болды. Э.Н.Баталованың тікелей қатысуымен баспа Қазақстанда алғаш рет бастауыш мектепке арналған балама оқулықтар әзірлеп шығарды.  
   


Саймасаева Гаухар Айтжанқызы

«Алматыкітап баспасы» ЖШС - нің Президенті

 
 


 


 

 

«Алматыкітап баспасы» кітап дүкендері жүйесінде жаңажылдық жеңілдіктер!!!
© 2004–2019 Алматыкiтап баспасы
4Design жасап шығарған
Басты офис:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Жамбыл көш., 111
info@almatykitap.kz
(+7 727) 250-29-58